Атырау-Астрахань тас жолында жол апаты орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау-Астрахань тас жолында жол апаты орын алды

Атырау-Астрахань тас жолында жол апаты орын алды

Атырау облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, тағы үш жолаушы жарақат алды.

  • 9 Желтоқсан 2013
  • 685
Фото - Caravan.kz

Облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарованың айтуынша, оқиға жексенбі күні таңертең болған. Атырау-Астрахань тас жолының 680-ші шақырымында ауыр жүк көлігінің жүргізушісі, Түркия азаматы тайғақта көлікке ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Салдарынан қарсы келе жатқан жеңіл көлікпен соқтығысты.

Қатты соққыдан жеңіл көлік отқа оранған. Жақын маңда жүрген жол полицейлері жүргізуші мен оның жанындағы үш жолаушыны өртенген көліктен алып шықты.

«Тағы бір жолаушыны аман алып қалу мүмкін болмады. Көлік жарылған кезде ол сол жерде көз жұмды», — деді Г.Мұхтарова.


Түркия азаматы қамауға алынып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.