Қазақстандықтардың басым бөлігі 2014 жыл табысты болады деп есептейді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтардың басым бөлігі 2014 жыл табысты болады деп есептейді

Қазақстандықтардың басым бөлігі 2014 жыл табысты болады деп есептейді

 Қазақстандықтардың 63 пайызы 2014 жыл табысты болады деп есептейді.

  • 9 Желтоқсан 2013
  • 349
Фото - Caravan.kz

Demoscope бюросы жүргізген сауалнама нәтижесіне сүйенсек, оған қатысқандардың 26 пайызы «жаңа жыл өмірімді жақсартады» деп үміттенсе, 1,3 пайызы «жақсы өзгерістерден үміттене тұрса да, бұл ойына күмәнмен қарайды. Жылды немқұрайды қарсы алатындардың саны 8,3 пайыз.

«Келесі жылы жағдай мүлдем нашарлай түседі» дейтін пессимистер 1,6%-ды құрайды.

Қазақстан тұрғындарының 95 пайызы Жаңа жыл мерекесін отбасылық мейрам деп санайды және оны «үйде, туыстары мен достарының арасында» қарсы алмақ. Респонденттердің 3,4 пайызы жылды «мейрамхана, түнгі клуб немесе дәмханада» қарсы алса, 0,6 пайызы мүлдем атап өтпейді.

Сауалнамаға қатысқандардың 32,7 пайызы жаңажылдық түні Ресей телеарналарындағы ойын-сауықтық бағдарламаларды, 20 пайызы отандық телеарналарды тамашалайтынын айтқан.


Сауалнамаға еліміздің барлық аймақтарынан 2000 адам қатысқан.