Сирияда радикалды топ испан журналистерін ұрлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сирияда радикалды топ испан журналистерін ұрлап кетті

Сирияда радикалды топ испан журналистерін ұрлап кетті

Сирияда оппозицияны жақтаушы «Аль-Каидамен» байланысты радикалды топ қыркүйек айында испан журналистерін ұрлап әкеткен, деп бүгін El Mundo газеті мәлімдеді.

  • 10 Желтоқсан 2013
  • 298
Фото - Caravan.kz

Журналистер 16 қыркүйекте екі ел шекарасы арасында Сириядан Түркияға өтпек болған кезде тұтқынға алынған. Бұған дейін олар екі апта бойы сириялық оқиғалар туалы хабар таратқан.

Испандықтармен бірге оларды алып жүрген оппозициялық Сириялық еркін армияның төрт өкілі де ұсталды, алайда сириялықтар кейіннен босатылған.

Топпен байланысқа шыққан басылым басшылығы тұтқындалған журналистерді босату үшін қандай талап қойылып отырғанына қатысты сұрағына жауап ала алмай отыр.