«Қазақалтын» филиалының бақылау-өткізу бекетіне белгісіз біреулер оқ атқан - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 «Қазақалтын» филиалының бақылау-өткізу бекетіне белгісіз біреулер оқ атқан

«Қазақалтын» филиалының бақылау-өткізу бекетіне белгісіз біреулер оқ атқан

Ақмола облысының Жолымбет ауылында өткен түні белгісіз біреулер «Қазақалтын» тау-металлургиялық комбинаты филиалының бақылау-өткізу бекетінің ғимаратына оқ атқан.

  • 10 Желтоқсан 2013
  • 666
Фото - Caravan.kz

Шабуыл түнгі сағат екілер шамасында болған. Оқ атушылар өткізу бекетіне көлікпен келген. Бұл туралы Шортанды ауданының прокуратурасы мәлімдеді.

Прокуратура мәліметіне сәйкес, бұл кезде бақылау-өткізу бекетінің ғимаратында екі күзетші болған. Олар зардап шекпеді, бірақ оқ терезенің жақтауын зақымдап, әйнегін сындырған.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қаскөйлер іздестірілуде.