«Хайян» жойқын тайфунынан кейін Филиппин Республикасындағы жағдай біртіндеп қалпына келуде», делінген комитеттің баспасөз қызметі таратқан бүгінгі хабарламасында.
Осыған байланысты комитет қазақстандық туристерге қатты зардап шеккен Лейте және Шығыс Самар аралдарын қоспағанда, Филиппинге сапар шегуді доғара тұруға берген кеңесінің күшін жойды.
Боракай, Себу, Палаван және Бохоль аралдарына барғанда оның сыртына шықпаған жөн екенін айтады.
8-9 қарашада Филиппиннің орталық бөлігі арқылы елге үлкен зиян келтірген «Хайян» тайфуны жүріп өтті.