Ресей мен Қазақстан арасында әскери техниканың өзара жеткізілімі жоғарғы деңгейге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей мен Қазақстан арасында әскери техниканың өзара жеткізілімі жоғарғы деңгейге жетті

Ресей мен Қазақстан арасында әскери техниканың өзара жеткізілімі жоғарғы деңгейге жетті

Қазақстанның Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков бүгін РФ үкімет басшысының орынбасары Дмитрий Рогозинмен әскери-экономикалық және әскери-техникалық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

  • 10 Желтоқсан 2013
  • 263
Фото - Caravan.kz

«Кездесу барысында Қазақстанда жұмыс істеп жатқан бірлескен кәсіпорындарды дамыту бойынша нақты жоспарлар, сондай-ақ жаңа бірлескен жобалар құру келешегі келісілді», делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Тараптар Қазақстан мен Ресейдің әуе қорғанысының бірыңғай аймақтық жүйесін құру туралы келісімді практикалық жүзеге асыру мәселесін талқылады.

Ә.Жақсыбеков пен Д.Рогозин әскери тұрғыдағы өнімдерді өзара жеткізудің айтарлықтай өсімін атап көрсетті. «Биылғы жылы әскери техника жеткізу көлемі соңғы бес жылда барынша жоғары деңгейге жетті», делінген хабарламада.

Жалпы алғанда келіссөздер екі елдің қорғаныс өнеркәсібін және олардың тең құқықтық негіздегі белсенді өзара іс-қимылын оңтайлы дамуын растады.