Рудныйда кәсіпкерді ұрлап әкеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рудныйда кәсіпкерді ұрлап әкеткен

Рудныйда кәсіпкерді ұрлап әкеткен

 Қостанай облысында Рудный қаласында жергілікті кәсіпкерді ұрлап әкеткен.

  • 10 Желтоқсан 2013
  • 417
Фото - Caravan.kz

51-жастағы ер адамнан 3-желтоқсаннан бері хабар жоқ, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

"Сол күні ол көлігімен шыққан да қайтпаған, телефонға жауап бермеген", деді полициядан.

Баспасөз қызметінен атап өткендей, адам ұрлау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу үшін арнайы тергеу тобы құрылған, істі бақылауға тек ІІД ғана емес, Қазақстанның ІІМ де алып отыр.