Қоғамдық ұйымдар бір-бірімен қырқысып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қоғамдық ұйымдар бір-бірімен қырқысып жатыр

Қоғамдық ұйымдар бір-бірімен қырқысып жатыр

Ипотекаға алынған үйді қалдырудың жаңа бір әдісі!  Алматыда бас қосқан «Халықты баспанамен қамтиық» қоғамдық бірлестігі ешқандай айқай-шусыз, аштық жарияламай-ақ меншік үшін күресудің тәсілімен бөлісті.

  • 11 Желтоқсан 2013
  • 273
Фото - Caravan.kz

Бүгін алғашқы жиын өткізген бірлестікте қазірдің өзінде 500-ге жуық мүшесі бар. Соның барлығы баспанасын кепілдікпен алып өз құқықтарын қорғаған жандар екен. Енді жабылып жүріп көпшілікке өз меншігі үшін қалай күресуді үйретпек. Ол үшін аштық жариялап, көшеде айқайлаудың қажеті жоқ деп отыр. Тіпті осындай наразылық шараларын ұйымдастырып жүрген әріптестерін тек көз бояушылықпен айналысып халық қалтасын қағатындар дейді.

Сұлубике Жақсылықова, «Халықты баспанамен қамтиық» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:


-«Отан елім» елдерден ақшаны алады. «Біз банкке береміз де бәрін сызып тастаймыз» деп халықты жынды қылып отыр! «Тәубе» ол да жұмыс істемейді. Тек қана халықтан ақша жинап, елді жынды қылып отыр. «Ештеңе етпейді, біз Президентке хат жазамыз да списаниеға кетеді» деп отыр. Тек қана осы «Народу жилье», «Отан-елім» , «Тәубе» осы үшеуі жұмыс істеп жатқан жоқ Алматы бойынша .