Тәртіп сақшысы мал ұрлаумен айналысқан - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәртіп сақшысы мал ұрлаумен айналысқан

Тәртіп сақшысы мал ұрлаумен айналысқан

Шымкенттік полицей барымтамен айналысқан. Жұмыстан қолы босаған кезде ол ұрланған жылқыларды полиция бекеттерінен өткізуге көмектесіпті.

  • 11 Желтоқсан 2013
  • 186
Фото - Caravan.kz


Полиция қызметкерімен ауыз жаласқан барымташылар тобы көктемнен бері оңтүстікте жұрттың малына қирғидай тиген. 7 адамнан тұратын топ осы уақыт ішінде 60 жылқыны айдап әкетіпті. Жедел іс шара кезінде полицейлер күдікті ретінде Ордабасы мен Сайрам аудандарының 4 азаматын қолға түсірген. Тергеу кезінде барымташыларға әріптестерінің көмектескені анықталыпты. Ол 2 жылдан бері аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет етіп келген 24 жастағы аға лейтенант. Қазір полицей мен тағы 4 барымташы қолға түсіп қамауға алынды. Қалған екеуіне іздеу жаряланған.