«Интерфакс-Украина» агенттігінің тілшісі хабарлағандай, шараға қатысушылар қолдарына шоқпар ұстап, бастарына темір қалпақ киген. Олар Кәсіподақтар үйі ғимаратының баспалдақтарына бекініп алған.
Құқық қорғаушылар шерушілерді Киев мэриясы ғимараты маңындағы бекіністен шегіндіріп, бекініс бұзылуда. Бұл туралы кеше түнде тікелей эфирден украиндық телевизияның «5 арна» тілшісі хабарлады.