Қазақстан немістер қауымдастығының ақсақалдар кеңесі Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хат жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан немістер қауымдастығының ақсақалдар кеңесі Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хат жолдады

Қазақстан немістер қауымдастығының ақсақалдар кеңесі Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хат жолдады

Қазақстан немістер қауымдастығының ақсақалдар кеңесі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хат жолдап, қазақстандық немістердің өз тарихи отанымен қауышу үрдісіне ерекше назар аударғаны үшін терең алғысын білдірді.

  • 11 Желтоқсан 2013
  • 654
Фото - Caravan.kz

«Бұл бүкіл әлемге халықтар арасындағы сенімнің жаңаша саясатын паш еткен батыл, көреген көшбасшының қадамы. Бұл Сіздің көмегіңізбен жүзеге асқан тарихи әділдіктің қалпына келуінің шынайы көрінісі, мұны неміс халқы ешқашан ұмытпайды», — деп мемлекет басшысының баспасөз қызметі бүгін таратқан хат мәтінінде мәлімделген.

Хат авторларының мәліметі бойынша, Германияда шамамен 800 мың қазақстандық неміс ұлты өкілі тұрады.

Ақсақалдар кеңесінің өкілдері осындай қолдаудың арқасында қазіргі кезде Германияда жүз мыңдаған қазақстандық неміс Еуропадағы Қазақстан достық елшілері рөлін атқаруда.


Олар шетелде жүріп өздеріне етене жақын Қазақстанның жетістіктерін мұқият бақылап жүреді, дейді хат авторлары.