Әзірбайжан мен Қазақстан энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзірбайжан мен Қазақстан энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытпақ

Әзірбайжан мен Қазақстан энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытпақ

Әзірбайжан мен Қазақстан энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытпақ, деп журналистерге Бакуде өткен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі әзербайжан-қазақстан үкіметаралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша Әзірбайжан энергетика министрі Натиг Алиев мәлімдеді.

  • 11 Желтоқсан 2013
  • 573
Фото - Caravan.kz

«Біз барлық салаларды қамтитын ынтымақтастықты дамытуды талқыладық. Елдеріміз арасындағы экономикалық және сауда қатынастары өсімді көрсетеді», — деп Н.Алиев сейсенбі күні мәлімдеді.

Оның айтуынша, энергетика Қазақстан және Әзербайжан арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

«Қазақстан мұнайы Баку-Тбилиси-Жейхан құбыры бойынша тасымалданады. Каспий аймағында бірде-бір энергетикалық жоба елдеріміздің қатысуынсыз өтпейді. Біз энергетика саласындағы өзара байланысты дамытумен белсенді жұмыс істейміз. Әзірбайжан қазақстанжық ірі Қашаған кенішін пайдалануға беруді асыға күтеді», — дейді министр.

Н.Алиев Әзірбайжан мен Қазақстаның туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін мүмкіндігі бар екенін айтады.