Марат Төлібаев Қазақстан ауыл шаруашылық вице-министрі қызметінен кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Марат Төлібаев Қазақстан ауыл шаруашылық вице-министрі қызметінен кетті

Марат Төлібаев Қазақстан ауыл шаруашылық вице-министрі қызметінен кетті

Қазақстан ауыл шаруашылық вице-министрі Марат Төлібаев қызметінен босатылды.

  • 11 Желтоқсан 2013
  • 674
Фото - Caravan.kz

"Кешегі күннен бастап мен ауыл шаруашылығы вице-министрі емеспін", деп жазды ол сәрсенбіде Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына.

Алдында хабарланғандай, биыл қараша айында Қазақстан премьер-министрі Серік Ахметов бюджет қаржысының игерілмеуіне жол бергендігі үшін бірқатар министрлердің орынбасарларына сөгіс жариялаған, олардың қатарында ауыл шаруашылық вице-министрі М.Төлібаев та болды.

М.Төлібаев бұл қызметті 2011 жылдың маусым айынын бері атқарған, ол кезге дейін "Тобол" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияға жетекшілік еткен, Астана әкімінің орынбасары болған.