Жаңаөзенде ІІБ Шұғыл басқару орталығы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңаөзенде ІІБ Шұғыл басқару орталығы ашылды

Жаңаөзенде ІІБ Шұғыл басқару орталығы ашылды

Жаңаөзенде ІІБ Шұғыл басқару орталығы ашылды.

  • 11 Желтоқсан 2013
  • 391
Фото - Caravan.kz

"Бұл моноқалашықта салынған және іске қосылған мұндай алғашқы Орталық. Орталықтың жұмысы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тиімділігін арттыруға, көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтарға қарсы күресуге, полиция күштерінің қылмыстарды жылдам елеуіне ықпал етуге бағытталған", делінген сәрсенбіде ІІМ таралған баспасөз хабарламасында.

ІІМ мәліметтеріне қарағанда, Шұғыл басқару орталығы халық көп жүретін орындарды бақылауға арналған 20 бейнекамераға қосылған.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов Орталықты ашу рәсімі кезінде атап өткендей, республиканың облыстық орталықтарында ондай Орталықтар бар, олардың тиімділігі дәлелденген.


Қазіргі уақытта ІІМ криминалды ахуалы күрделі 26 моноқалашық пен 8 қалада сондай Орталықтар салу мәселесін пысықтауда, делінген хабарламада.