Украина ЕО-тан 20 млрд еуро қаржылық көмек сұрап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украина ЕО-тан 20 млрд еуро қаржылық көмек сұрап отыр

Украина ЕО-тан 20 млрд еуро қаржылық көмек сұрап отыр

Қаржылық көмек қауымдастығы туралы келісімге қол қою шеңберінде Украина Еуропалық Одақтан 20 млрд еуро көлемінде көмек сұрап отыр, деп хабарлады премьер-министр Николай Азаров.

  • 11 Желтоқсан 2013
  • 291
Фото - Caravan.kz

"Майданға шыққандар ЕО-пен қауымдастық туралы Келісімге жылдам қол қоюды сұрап отыр, үкімет те келісімге жылдам қол қоюды қолдайды, алайда біз Украина экономикасы үшін шығын барынша азайтылуға тиіс алғышарттар жасағымыз келеді. Біз Еурокомиссияға біздің өнеркәсіп пен экономикамыз қандай жағдайда жұмыс істейтіндігін қарауды ұсындық. Біз Украинаға қаржылық көмек беру мәселесін шешуді ұсынамыз. Шамамен 20 млрд еуро керек деп ойлап отырмыз", деді премьер сәрсенбіде үкіметтің отырысын ашқан кезде.

Н.Азаров атап өткендей, еуропалық бюджеттен бөлінуге тиіс бұл ақша тегін көмек емес, әңгіме Еуроодақтың бірлескен өз ара тиімді жобаларды инвестициялауға қатысуы жайында болып отыр.