Номиналы 5000 теңгелік купюра 2012 жылдың ең үздік банкнотасы! - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Номиналы 5000 теңгелік купюра 2012 жылдың ең үздік банкнотасы!

Номиналы 5000 теңгелік купюра 2012 жылдың ең үздік банкнотасы!

Қазақстан Ұлттық банкі 2011 жылы 30-желтоқсанда шығарған номиналы 5000 теңге банкнотаны халықаралық банкноталық қоғамдастық (International Bank Note Society) 2012 жылдың ең үздік банкнотасы ретінде таныды, деп хабарлады сәрсенбіде Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.

  • 11 Желтоқсан 2013
  • 475
Фото - Caravan.kz

Марапаттау рәсімі Лондонда өтті, оған Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов қатысты.

"Халықаралық банкноталық қоғамдастық әлем бойынша 2012 жылы шығарылған 100 жаңа банкнотаның ішінде Қазақстан банкнотасын жеңімпаз деп таныды, мұнда купюра дизайны, идеологиясы, техникалық орындалуы, қорғаушы элементтері ескерілді", деп атап өтті Ұлттық банктен.

Бес мыңдық купюраның оң бетіндегі басты бейне "Қазақ Елi" монументі және ұшып бара жатқан көгершіндер мен барыстар.


Екінші бетіндегі негізгі бейне Қазақстан картасының кескіндемесі.

Банкнотаның көлемі 144х76 мм құрайды.