Қырғызстанмен арадағы шекара күшейтіліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанмен арадағы шекара күшейтіліп жатыр

Қырғызстанмен арадағы шекара күшейтіліп жатыр

Бүгін еліміздің оңтүстік өңірінде жаңа заставасы ашылды. Заманауи техникамен жабдықталған “Жамбыл” шекара бекетінде қызметтік иттер мен мініс аттарға дейін әкелінген. Айта кетейік, өткеннен сабақ алған басшылар заставаға тек келісім-шартпен қызметке қалған әскерилерді қабылдамақ.

  • 12 Желтоқсан 2013
  • 420
Фото - Caravan.kz

Сапында сарыауыз сарбазы жоқ, барлығы сай тасындай іріктелгендер мұнда. Саптары түзу, адымдары нық азаматтар қырғыз-қазақтың арасындағы даланы қас қақпай күзетпекке кеп тұр. Барлығы келісім-шартпен қызметке қалғандар, су жаңа “Жамбыл” шекара заставасында азаматтық борыштарын өтемекке бел буған.

Тұсауы кесіліп қым-қуыт қызметі басталған “Жамбыл” заставасымен қырғыздың шебінің арасы қашық емес. Соны пайдаланған тентектер кейде рұқсатсыз екі елдің арасын асып өтіп іргедегі қазақ ауылдарына сіңіп кетуді әдетке айналдырған. Әйтпесе қазақ жұртының қырғыздан қуыстанып отырғаны жоқ .

Нұртай Әбіқаев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы:

-Бұл шекара, әр жағындағы ел дос мемлекетіміз бауырлық мемлекетіміз. Бірақ шекараның аты шекара өзіндік тәртібі бар. Екінші жағынан шекарашыларымызға әскерлерімізге қолымыздан келген көмегімізді жасауымыз керек.

Бұл застава 2010 жылы қолданысқа берілуі керек екен. Алайда құрылысы сиырқұйымшақтанып кеткен. Мұнда ең таңдаулы техникалар табысталды. Қызметке келген офицерлерге пәтер кілті берілді. Енді отбасын жанына алып қапысыз қызметте болмақ бәрі.


Бекислам Абуов, “Жамбыл” шекара заставасының бастығы:

-Қызметтік иттер мемлекеттік шекараны күзетуде шекарашылармен бірге қолданылады. Күзет иті, қорғау иті. Және шекарашылардың таулы аймақтарда жүру барысында арнайы техника мен және қызметтік жануар жылқылармен қамтамассыз етілген.

-Қоңторы тірлікпен жан баққан, ешкімге соқтықпай жай жатқан қазақ елі осылайша шекарасын шегендеуде. Шендісі мен шекпендісі кеп бүгін ашып берген мына біз тұрған “Жамбыл” шекара заставасы тынышы кетіп, ішінен іріген айыр қалпақты ағайынның шебінен 22 шақырым қашықтықта орын тепкен. Жалпы биылғы жылы ашылып отырған бұл 17-ші шекара заставасы. Жыл соңына дейін дәл осындай тағы 3 застава қым-қуыт қызметіне кіріседі деп жоспарланған.