Оқушыны көлігімен қағып ізін суытқан жүргізуші тығылып жатқан жерінде ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқушыны көлігімен қағып ізін суытқан жүргізуші  тығылып жатқан жерінде ұсталды

Оқушыны көлігімен қағып ізін суытқан жүргізуші тығылып жатқан жерінде ұсталды

Ақтөбеде 9 жасар оқушыны қағып қансыраған күйі қуысқа лақтырып кеткен жүргізуші ұсталды. Кешегі жаңалықтан кейін тәртіп сақшылары қауырт қимылдаған тәрізді. Ал қаскөйдің кім екенін анықтауға куәгерлер көмектесіпті.  

  • 12 Желтоқсан 2013
  • 255
Фото - Caravan.kz


Баланы қағып өлтірген күдікті бір апта бойы үйінде тығылып жатқан. Тек полиция қызмектерлері келгенде ғана бар кінәсін мойындапты. Оқиға болған күні ол тауысының көлігін сұрап ақша тауып жүрген. Қазір абақтыға қамалып екі бірдей бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді тағылған айып бойынша 45 жастағы ақтөбелік 5 жылға дейін ғана бас бостандығынан айрылуы мүмкін.  Ал жүргізуші қаңсыраған оқушыны «қорыққанынан»  көшеге лақтырып кетіпті. Ал дер кезінде, жедел жәрдем шақырғанда Ерболат Жұмағалиевті аман алып қалуға болар еді.