Шырша отқа оранды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шырша отқа оранды

Шырша отқа оранды

Алматының қақ ортасында жаңа жылдық шырша отқа оранды. Атакент көрме орталығының алдына мерекеге деп безендірілген жасанды шыршаның санаулы минутта күлі ғана қалды.

  • 12 Желтоқсан 2013
  • 233
Фото - Caravan.kz


Тілсіз жаудан шыршаның түбінде тұрған 3 машинаға зақым келді. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтаса, полицейлер оның шығу себебін тергеуде. Бірақ бұл ең ұлық мерекеміз Тәуелсіздік күніне плакат ілуге де жарамай жер-жерде шыршаны жайнатып қоятын атқамінерлерге сабақ болмай тұр. Өткен аптада ғана Павлодарда жаңа жылдық шыршаны безендіріп жүрген екі жұмысшы оңбай құлаған болатын. Ал ақтүтек боранда Қарағанды мен Астананың шыршасы қирап қалған-ды.