Алматыдағы киім-кешек базары тағы да өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы киім-кешек базары тағы да өртенді

Алматыдағы киім-кешек базары тағы да өртенді

Бейсенбіге қараған түні Алматының төменгі бөлігінде орналасқан «Алатау-2» базары өртенді.

  • 12 Желтоқсан 2013
  • 709
Фото - Caravan.kz


ТЖ министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, түнгі сағат 01:54-те базар аумағындағы бес сауда-қойма контейнері өртенген. Жалпы 150 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген жалын сағат 03:13-те сөндірілді.

Адам шығыны жоқ.

Солтүстік айналымдағы «барахолка» атанып кеткен базарлар бұған дейін де бірнеше рет өртенген болатын. 17-қарашада болған соңғы өрт салдарынан «Құлагер» базарының 3800 шаршы метрі күлге айналды. Сараптама нәтижесінде базарға қасақана от қойылғаны анықталған болатын. Ал, қыркүйек айындағы өрт кезінде үш бірдей базар өртеніп, 5 мың шаршы метрден астам аумақ өртке оранған-ды.