Ұлттық банк «Күлтегін» жазбаларына арналған ескерткіш банкноттарды айналымға енгізді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк «Күлтегін» жазбаларына арналған ескерткіш банкноттарды айналымға енгізді

Ұлттық банк «Күлтегін» жазбаларына арналған ескерткіш банкноттарды айналымға енгізді

Ұлттық банк ежелгі түркілердің «Күлтегін» жазбаларына арналған 1000 теңгелік банкнотты айналымға енгізді.

  • 12 Желтоқсан 2013
  • 561
Фото - Caravan.kz


Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, естелік банкноттың көлемі 134х70 мм, тиражы 10 мың дана.

Банкноттың бетінде «Қазақ Елі» деген жазу мен ұшып бара жатқан көгершіндер бейнеленген. Сол жағында Күлтегін мүсінінің бір фрагменті, жоғарғы жағында еліміздің мемлекеттік гербі мен жалауы, артында тасқа басылған түркі жауынгерлерінің бейнесі бедерленген.