Шығыс Қазақстан облысында 220 тонна пішен өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында 220 тонна пішен өртенді

Шығыс Қазақстан облысында 220 тонна пішен өртенді

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Мальковое ауылында 220 тоннадан астам пішен өртенді.

  • 12 Желтоқсан 2013
  • 335
Фото - Caravan.kz

«Бейсенбіге қараған түні тұтанған өрт түнгі сағат үште ауыздықталды», — деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру бөлімшесі қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар қатысқан.

«Өрт ұқыпсыздық салдарынан тұтанған немесе пішенді біреулер қасақана өртеген болуы мүмкін. Әзірге осындай екі түрлі болжам жасалып отыр. Келтірілген шығын мен айыпты кісілер анықталуда», — делінген хабарламада.