2014 жылы Түркістанда тәу ететін орталық ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2014 жылы Түркістанда тәу ететін орталық ашылады

2014 жылы Түркістанда тәу ететін орталық ашылады

 Жыл соңына дейін Түркістан қаласында мұсылмандар үшін тәу ететін орталық ашылады, деп Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Асқар Мырзахметов хабарлады.

  • 12 Желтоқсан 2013
  • 340
Фото - Caravan.kz

«Тәу ету орталығын желтоқсан айының соңында ашпақ ойымыз бар. Түркістанға жыл сайын орта есеппен 600 мыңға жуық турист келеді екен. Бұған қарасақ, адамдардың қасиетті мекенге діни мақсаттармен келетінін түсінуге болады», — деді А.Мырзахметов бейсенбі күні президент жанындағы ОКҚ өткен брифингте.

Әкімнің айтуынша, орталық туристерге қолайлы жағдай туғызу мақсатында ашылып отыр. «Туристердің бәрі бірдей жайлы қонақүйлерге орналаса алмайды. Әдетте, олар кесене маңында орналасқан жер үйлерге тұрақтайды. Осы жағдайда ескере отырып, осындай орталық салу туралы шешім қабылданған болатын. Онда туристер орналасып, өркениетті түрде құрбандық шалып, дінге қатысты толық мәлімет алуына болады», — деді ол.

Сонымен қатар, орталықта кітапхана ашыламақ.