"Тараптар "Темірбанктегі" 79,88% жай акцияны және "Альянс Банктегі" 16% жай және артықшылықты акцияны сату және сатып алу туралы міндеттеуші келісімге қол қойды. Нәтижесінде"Самұрық-Қазына" "Альянс Банкте" бақылаушы акционер ретінде қалады, оған 51% жай және артықшылықты акция тиесілі болмақ, деп атап өтілген қордың хабарламасында.