Қазақстан азаматтары прокуратура органдарына халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы арыз бере алады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан азаматтары прокуратура органдарына халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы арыз бере алады

Қазақстан азаматтары прокуратура органдарына халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы арыз бере алады

Соңғы бес жылда азаматтар тарапынан прокуратура органдарына берілген арыздардың саны үштен бір есеге артты, деп хабарлады республиканың бас прокуроры Асхат Дауылбаев.

  • 12 Желтоқсан 2013
  • 265
Фото - Caravan.kz

"Бүкіл арыздарды халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қабылдау туралы пилотты жобаны іске қосу мәселесі пысықталуда, бұл арыз берушілердің прокуратура органдарына қолжетімділігін арттыра түспек", деді ол Астанада бейсенбіде бас прокуратура жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында.

"Әр ауданда халыққа қызмет көрсету орталығы бар. Енді сол арқылы арыз бере салуға болады", деді ол.