Қостанай облысының аграршылары мемлекетке 2,3 млрд теңге қарыз болып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысының аграршылары мемлекетке 2,3 млрд теңге қарыз болып отыр

Қостанай облысының аграршылары мемлекетке 2,3 млрд теңге қарыз болып отыр

Қостанай облысының аграршылары мемлекетке 2,29 млрд теңге қарыз болып қалды, деп хабарлады  облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жер өңдеу және прогрессивті технологиялар бөлімінің бастығы Сәлімжан Есеноманов.

  • 12 Желтоқсан 2013
  • 483
Фото - Caravan.kz

"Бұл несиелерді шаруалар 2013 жылы егіс және астық жинау науқандары үшін алған, 2012 жылдан бері ұзартылған несиелері де бар. Екі жылдың нәтижелері бойынша олар мемлекетке 6 млрд 286 млн теңге қайтаруға тиіс, қазір шамамен 4 млрд теңге төленіп қойды", деді ол.

Оның айтуынша, шаруалар несие бойынша қарыздарын биылғы жылдың 7-желтоқсанына дейін төлеуге тиіс болған.

"Сол күннен бастап олар айыппұл төлей бастайды, төленбеген соманың 10%. Ал 2014 жылдың 1-қаңтарынан бастап әр күн үшін қоса соманың 0,1% төлеуге тиіс. Биыл қарызын өтемегендер келесі жылы несие ала алмайды", деді ол.