Экс-сенатордың ұлына салық төлемеді деген айып тағылып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экс-сенатордың ұлына салық төлемеді деген айып тағылып отыр

Экс-сенатордың ұлына салық төлемеді деген айып тағылып отыр

Батыс Қазақстан облысында салық төлеуден жалтарғандығы үшін шаруа қожалығының жетекшісі Марат Асановқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

  • 12 Желтоқсан 2013
  • 431
Фото - Caravan.kz

2011-2012 жылдары парламенттің бұрынғы сенаторы Владимир Асановтың ұлы М.Асанов Орал қаласы жанында Асан элиталық ауданында жер телімдерін сатқан, деп хабарлады бейсенбіде облыстың прокуратурасынан.

"Өкілетті бірде-бір мемлекеттік орган бұл жер телімдерінің заңды түрде сатылуы фактісін тексермеген", деді прокуратурдан.

Қадағалаушы органның айтуымен жүргізілген салықтық тексеру көрсеткендей, аталған мерзім ішінде 232 жер телімі сатылған, жалпы сомасы 206,7 млн теңге, мемлекетке 14 млн теңге салық төленбеген.

"Салық төлеуден жалтару фактісі бойынша Асановқа 221 баптың 1-тармағына орай қылмыстық іс қозғалған, іс Зеленов аудандық сотына жөнелтілді", деп атап өтті прокуратурадан.