Санаулы сағаттан соң «Шахтер» еуропа лигасындағы соңғы ойынын өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Санаулы сағаттан соң «Шахтер» еуропа лигасындағы соңғы ойынын өткізеді

Санаулы сағаттан соң «Шахтер» еуропа лигасындағы соңғы ойынын өткізеді

Чемпиондар лигасының плей-офф бәсекесіне шыққан 16 команда белгілі. Топтық раундтың соңғы айналымында Лондондық “Арсеналды” қабылдаған “Наполи” тартысқа толы матчта 2:0 есебімен жеңіске жетті.

  • 13 Желтоқсан 2013
  • 186
Фото - Caravan.kz

Бірақ бұл табысқа қарамастан италиялық клуб келесі кезеңге өте алмады. Бірінші таймда есеп ашылған жоқ. Үзілістен кейін қарсы қақпа алдында өткір шабуылдар ұйымдастырған Рафаэль Бенитес шәкірттері 73-ші минутта дегендеріне жетті. Мергендігімен көзге түскен Гонсало Игуаин. Көп ұзамай “Арсенал” ойыншысы Микель Артета алаңнан қуылды. 10 ойыншымен қалған қонақтар “Наполиге” тосқауыл бола алмады. Соңғы минутта Хосе Кальехон қортынды есепті орнатты. Бұл топтағы өзге матчта дортмундттық “Боруссия” 2:1 есебімен “Марсельден” басым түсті. Бір қызығы бұл топтағы үш команда бірдей 12 ұпай жинаған. Бірақ “Боруссия” мен “Арсенал” доп айырмасы бойынша келесі кезеңге өтті.

 

Бүгін түнде “КТК” арнасынан қарағандылық “Шахтердың” еуропа лигасының топтық кезең  аясындағы соңғы матчын жіберіп алмаңыздар.

Еліміздің футбол тарихында тұңғыш рет еурокубоктың топтық кезеңіне жеткен қарағандылықтар ақтық матчты сырт алаңда израйльдің “Маккаби” командасына қарсы өткізбек. Астанадағы бәсекеде Виктор Кумыков шәкірттері 2:0 есебімен ұтып тұрып екінші таймда қос доп жіберіп алған. Плей-оффтан үміт үзгенімен кеншілер соңғы кездесуде аянып қалмаймыз деп отыр. “Маккаби” мен “Шахтер” арасындағы тартысты сіздер біздің арнадан түңгі сағат 2-де тікелей эфирде көре аласыздар.   

 


Астана мұз айдынында новокузнецкілік «Металлургті» ұтқан «Барыс» өз конференциясында қайта көш бастады. Кездесудің 4-ші минутында қонақтардың қақпашысы Илья Сорокинмен бетпе-бет шыққан Дастин Бойд өз мүмкіндігін бос жіберген жоқ.

Ойынның екінші кезеңінде жарқатынан енді айыққан Николай Антропов таблодағы есепті еселей түсті. Қонақтар да қарап қалмады. Төрт ойыншымен қалған «Барысты»  қыспаққа алған   «Металлург» сәтін тауып есепті қысқартып үлгерді. Бірақ арада  екі минут өтпей жатып, қонақтар үшінші рет  жер сипап қала берді. Бұл эпизодта тағы да Николай Антропов мергендік танытты.  Бәсекенің шешуші бөлігінде екі жақ та бір-бірінен қалысқан жоқ.  Брэндон Боченски мен Роман Старченко  «Барыстың» жеңісін нықтай түссе,  қонақтардың мергені Кертис Маклин қос голмен ерекшеленді. Бүгінгі жеңістен кейін 73 ұпай еншілеген «Барыс» , турнир кестесінде  «Ақ -Барыстың» алдына шықты.