Алайда, тұрмысы төмен шаңырақтардың жағдайы жарты миллион теңге жалақы алатын сенаторларды жаппай алаңдатып отырған жоқ. Төменгі күнкөріс деңгейін көтейік деп бүгін үн қатқан Светлана Жалмағамбетова. Депутаттың пікірінше, бұл көрсеткіш 25 мың теңгеден кем болмауы тиіс. Оның үстіне зейнетақы, жәрдемақы сынды әлеуметтік төлемдер де осы сомаға тікелей байланысты белгіленеді. Бірақ, Еңбек министрі 2017 жылға дейін бұл көрсеткіш өзгермейді деп шегелеп айтты. Егер тұрмыс мөлшерін бұдан ерте көтертсе, қазына 334 миллиард теңгеге шығынға батады екен.
Светлана Жалмағамбетова, Сенат депутаты:
-Бүгін 18 мыңға күн көру өте қиын. Біздің министрлік айтады, бұл нормативтік тәсілмен есептелген, бұл дұрыс, дүние жүзілік қоғам бұған қосылады деп. Мен айтар едім, ол қандай тәсілмен есептесе де, ол ақшаға нақты өмір сүруге бола ма, содан қорытынды жасау керек.