Мердігермен жымдасып бюджет қаржысын жеген шенеуніктер шатылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мердігермен жымдасып бюджет қаржысын жеген шенеуніктер шатылып жатыр

Мердігермен жымдасып бюджет қаржысын жеген шенеуніктер шатылып жатыр

Петропавлда тұрғын үйлерді модернизациялау бағдарламасы  айналасындағы даудың басылар түрі жоқ. Сорақысы сол, мердігерлермен ауыз жаласқан шенділер әлі жөндеу жұмыстары бітпеген үйлерді қабылдап алып, олардың ақысын құрылысшыларға толығымен өтеп берген. Ал ақшаны қалтасына басқан олардың іздері суып та үлгеріпті. Төбелері шұрқ-тесік қалған тұрғындар болса енді жөндеу жұмыстары үшін әлі талай жыл несие төлемек.

  • 13 Желтоқсан 2013
  • 452
Фото - Caravan.kz

Мынау — тұрғын үйлерді модернизациялау бағдарламасына қатысқан  көпқабатты үйлердің бірі. Жөндеу жұмыстарының сапасыз атқарылғаны көзге ұрып тұр. Шатыры бітпеген, терезелер ауыстырылмаған, электр желілері де ашық жатыр. Бірақ қағаз жүзінде жұмыс толығымен біткен. Осы құжат негізінде ақшаларын қалтаға басып, ізін суытқан фирманы енді май шаммен іздесең де таппайсың дейді тұрғындар.

Владимир Хамдиев, пәтер иелері коопертивінің төрағасы:

-Мына кірпіштің астынан су сорғалап тұр. Тағы бір жерден жауынды күндері су ағады. Жертөледегі кәріз жүйесі де ауысқан жоқ. Шаруа шаш етектен. Ал құрылышылардың ізі суығалы қашан.

Бітпеген шаруасын 16 миллион теңгеге бағалаған құрылысшылар  ақшаларын әкімдіктен өндіріп те үлгеріпті. Енді бұл қаржыны тұрғындар  талай жыл бөліп төлеуі қажет.

— Сұмдық, қой бұл.

Биыл Петропавлда бұл бағдарлама бойынша 15 үй жөнделіпті. Қыс қаһарына мінсе де, он үйдегі жөндеу жұмыстары әлі бітпеген. Осыған қатысты былыққа батқан бірнеше шендінің үстінен іс қозғалыпты. 


Нұрлан Жахин, Қаржы полициясының СҚО бойынша баспасөз хатшысы:

-Осы актілерге, «жұмыс жасалды» деген актілерге қол қойылған. Нақтысында белгіленген обектілерде жұмыс орындалмаған. Бұның негізінде компания Эзарға жаңағы әкімдік, тұрғын үй инспекциясы және де «Солтүстік» компаниясы басқармасы осы компанияға ТОО -ға ақша аударған.

Құзырлы орган құрылысшылардың жұмыстарын үш ай бойы қадағалапты. Осы мерзім ішінде кейбір нысандарда олар тіпті төбе де көрсетпепті. Мердігерді қылмыстық жауапқа тартылқанның өзінде енді тұрғындардың үйін жөндеп беруі екіталай. Ал талай жылға мойындарына несие ілген халық биыл шатыры шұрқ-тесік үйлерде қыстап шыққалы отыр.