Жылдап жалақы алмағандар наразылыққа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жылдап жалақы алмағандар наразылыққа шықты

Жылдап жалақы алмағандар наразылыққа шықты

«Атыраубалық» кәсіпорнында тағы шу! Бүгін қызметінен қысқарған бір топ жұмысшы өтемақы талап етіп наразылық білдірді. Былтыр 80 жылдық тарихы бар кәсіпорын қызметкерлері алдындағы қарызын да өтей алмай ақыры сот шешімімен банкрот деп танылған болатын.

  • 13 Желтоқсан 2013
  • 233
Фото - Caravan.kz

Қысқарған 500-ге жуық жұмысшының аманатын арқалағанбір топ балықшы бүгін ертемен кезінде өздері қызмет еткен «Атыраубалық»-тың алдына жиналды. Алды 30, арты 10 жылдап осында тер төккен олар аяқ асты қысқарып енді тиісті төлемін ала алмай тентіреп жүр. Зейнет жасына жетіп қалған жандар басшылардың «бүгін, ертең береміз» деген өтірік уәдесінен шаршадық деп отыр.

Дәмелі Темірғалиева:

-Түбі аласыңдар дейді. Білмеймін ана жаққа кеткенде алмасақ. Жыл аяқталып қалды. Жылдың басында шықтық, содан бері жұмыста жоқпыз. Басқа жұмыс алмайды,зейнеткерсің деп. Ақшамызды талап етеміз.

Асқар Қапизов:

-«Атыраубалықтың» қалған дүниелері бар. Автомобиль, қайықтары бар, соны сатып, содан түскен ақшаға сіздермен расчет жасаймыз деп сөйтіп уәде еткен. Сол бір жыл болды. Бір жылдан бері қайда барарымызды білмейміз тіпті.

Дегенмен, балықшылардың сөзіне құлақ асқан басшы болмады. Есесіне мекеменің барлық дүние-мүлкіне иелік етіп отырған Қадырхан Демеуов атты мына азамат кабинетіне кіріп келген жұмысшылармен сызданып, әрең сөйлескенімен, камераны көргенде құбылып сала берді.


— Кетіңдер! Ештеңе айтпаймыз.

Басшыдан тұщымды жауап ала алмаған соң жұмысшылар ақыры прокуратураға жүгінген. Құзырлы орган өкілдерінің сөзіне сенсек, қазір кәсіпорынның дүние-мүлкін бағалау жұмыстары жүріп жатыр екен. Ал жалақы мен өзге де қаражаттарға байланысты мәселені мекеменің дүниесі сатылғаннан кейін ғана түбегейлі шешпекші. Соған қарағанда, өздеріне тиесілі тиын-тебенді талап еткен жұмысшылар әлі талай есікті тоздыратын түрі бар.