Жылдамдық қуған жүргізуші студент қызды қағып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жылдамдық қуған жүргізуші студент қызды қағып өлтірді

Жылдамдық қуған жүргізуші студент қызды қағып өлтірді

Қымбат БМВ-ны тақымдап құтырған тағы бір тентек Қарағандыда қолға түсті. Қала ішінде жылдамдығын шамадан тыс асырған ол бойжеткенді қағып өлтірді. Қызды бірнеше  метрге дейін сүйретіп тастаған жүргізуші  артына бұрылуға да шамасы келмей оқиға орынынан ізін суытқан. 

  • 13 Желтоқсан 2013
  • 274
Фото - Caravan.kz

Апат таңғы 7 жарымда болған. Медицина академиясының 3 курс студенті Жаңылсын Құттыбаева жаяу жүргінші жолағымен өтіп бара жатқан екен. Суықта басын бүркемелеп алған бойжеткен көшені кесе бергенде БМВ қағып өтіп 20 метрге дейін сүйреген. Ал  адам өлтірген жүргізуші болса қашып кетіпті. 21 жастағы Валерий Гребнев тек кешке қарай қолға түскен. Полицейлер  оған қатысты   2 бірдей қылмыстық іс қозғады.


Ерғабыл Жүкенов Қарағанды облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:

-Қызылға өткен күннің өзінде орнына тоқтап, көрді ғой енді адам қаққанын. Тоқтап дәрігерлерді шақыртып көмек көрсету керек еді. Азаматтық парызын ең болмаса атқарғанда болатын еді ғой.