Астанада ауа райы күрт төмендейді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ауа райы күрт төмендейді

Астанада ауа райы күрт төмендейді

Осыдан бір апта бұрын елордада дауыл тұрып, тұтқиылдан соққан боран көпшілікті әбігерге салған еді. Қазір қыстың қаһары қайтып, иықтан жүк түскендей болды.  Алайда, «Қазгидромет» орталығының мамандары мұндай ауа райының әлі қайталанатынын айтады, деп жазады елорданың ресми сайты.

  • 13 Желтоқсан 2013
  • 412
Фото - Caravan.kz

"Алдағы күндері Астана қаласы бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады. 13 желтоқсанда ауа райы жауын-шашынсыз. 14,15 желтоқсанда қар жауады, бұрқасынмен бірге желдің күшеюі байқалады. Ауа температурасы бұл күндері түнгі сағаттарда -12-13 градус аязды көрсетеді, күндіз -1-3 градус аязды көрсетеді. Ал 15, 16 желтоқсанда ауа температурасының күрт төмендеуін байқаймыз. Түнгі сағаттарда Астана қаласы бойынша температура -15-20 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз -8, -10 градус аяз болады", — деп мәлімдеді Астана қаласы «Қазгидромет» РМҚ инженері Мөлдір Есқалиева.

«Қазгидромет» орталығының болжамына сәйкес желтоқсан айының 13-17 аралығында қатты боран тұрады. Сондықтан мамандар алыс жолға шығарда сақ болуға кеңес береді.