Павлодарда «Елбасы жолы» фильмінің премьералық көрсетілімі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда «Елбасы жолы» фильмінің премьералық көрсетілімі өтті

Павлодарда «Елбасы жолы» фильмінің премьералық көрсетілімі өтті

Еліміздегі барлық кинотеатрларда басты кейіпкер - Қазақстан Ресубликасының Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың студенттік жылдарынан сыр шертетін «Елбасы жолы» киноэпопеясының жаппай көрсетілімі басталды.

  • 13 Желтоқсан 2013
  • 597
Фото - Caravan.kz

Кеше Павлодардағы Ш. Айманов атындағы кинотеатрда «Елбасы жолы» фильмінің премьералық көрсетілімі өтті. Фильм ел тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі — қазақ даласында өнеркәсіптің құрылысы кезінде фильмнің басты кейіпкерінің тұлға болып қалыптасуының маңызды кезеңдерін баяндайды.

Киноэпопея сценарийін Елбасының «Әділеттің ақ жолы», «Бейбітшілік кіндігі» және «Еуразия жүрегінде» шығармаларын негізге ала отырып, белгілі драматург-сценарист Шахимарден Құсайынов пен режиссер Рүстем Әбдірашев жазып шыққан. Сондай-ақ, аталмыш фильмде Елбасының әріптестері, достары мен замандастарының естеліктері молынан пайдаланылған.

Басты рөлде жас қазақ актері Нұрлан Әлімжанов түсірілді.