Күйші Динаға ескерткіш орнатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күйші Динаға ескерткіш орнатылды

Күйші Динаға ескерткіш орнатылды

1934 жылы Орал қаласында іргесі қаланған №1 балаларға арналған саз мектебі бүгінде 12 мамандық бойын­ша шәкірт тәрбиелеуде. Әсіресе, ұлттық аспаптар оркестрі класында білім алушылардың қатары көбеюде. Роза Жаманова мен Нағым Мендығалиевтер осы мектептің киелі сахнасынан шыққан алғашқы түлектер.

  • 13 Желтоқсан 2013
  • 586
Фото - Caravan.kz

Жуырда 1957 жылдан бері халық композиторы, күйші Дина Нұрпейісованың есімімен аталатын осы мектеп алдына атақты өнер иесінің мүсіні орнатылды. Ескерткішті орнатуға ұйытқы болған Жаңақала ауданының әкімі Лавр Хайретдинов Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қалаға сән беретін үлкен сый жасады. Туынды авторы — жергілікті мүсінші Рафаэль Шамсутдинов.

Қалада бір кездері Ғали ­Османов тұрған тозығы жеткен үй толық жөндеуден өтті. Бұл шараға Мәжіліс депутаттары Зухра ­Саяпова, Елена Тарасенко, Виктор Киянский және қала тұрғындары қатысты, деп хабарлады BAQ.KZ.