Бруно Редсток: "Әбілязов Қазақстанға экстрадацияланбауы керек!" - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бруно Редсток: "Әбілязов Қазақстанға экстрадацияланбауы керек!"

Бруно Редсток: "Әбілязов Қазақстанға экстрадацияланбауы керек!"

Әбілязов Қазақстанға экстрадацияланбауы керек! Қашқын банкирдің қорғаушысы Бруно Редстоктың пікірінше, Әбілязов Ресейге, я болмаса Украинаға жіберілуі тиіс. Себебі қашқын қалталыны Қазақстанға аудару оның өміріне қауіп төндіреді. Бұл жайында Астана арнасы хабарлады.  

  • 13 Желтоқсан 2013
  • 269
Фото - Caravan.kz

Ал Франция соты "БТА Банктің" экс-басшысын Ресейге жіберуді жақтап отырған сыңайлы. Себебі сот Украина тарапының жіберген сұрауынан гөрі көрші ел арызы басымырақ деп болжайды. Себебі Әбілязовқа Ресей тарапы таққан айыптың негізі бар дейді Франция соты.

Ал прокуратура тарапы Әбілязовтің Ресейдегі қауіп туралы айтып, онда жібермеуді сұраған арызын кері қайтаруды ұсынды. Сонымен қатар айыптаушы жақ Әбілязовті Украинаға беруді сұраған.

Қызығы, прокурор Әбілязов Украинға жіберілген жағдайда оны Қазақстан билігі қолға түсіре алмайтындығын айтқан. Енді экс-банкирге қатысты келесі сот 2014 жылдың 9 қарашасына белгіленді.

Еске салайық, Әбілязов 31 шілдеде Францияда ұсталған. Қазір Әбілязовті Ресей мен Украина тарапы да сұратып отыр.


Сондай-ақ "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің хабарлауынша, Француз прокуратурасы өкілі Экс-ан-Провансе қаласының аппеляциялық сотын БТА Банкінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовты Украинаға экстрадициялау туралы өтінішті қанағаттандыруға шақырды. Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

Бірақ, прокурор Украина билігінен экс-банкирді Қазақстанға бермеуін талап етпек.

Аппеляциялық сот бейсенбі күні Киевтің М.Әблязовты экстрадициялау туралы өтінішін қарауға кірісті.