Аймақтық әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, апат бейсенбі күні Екатеринбург-Алматы тас жолының 935-ші шақырымында болған.
«Опельді» тізгіндеген Қырғызстан азаматы автокөлікті басқара алмай, алдында келе жатқан «КАМАЗ» көлігімен соқтығысқан. Соққыдан жолдың қарсы бетіне шығып кеткен жеңіл көлік фураға соғылған», — дейді баспасөз қызметіндегілер.
Салдарынан «Опель» жүргізушісі сол жерде жан тапсырып, жанындағы жолдасы ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі де Қырғызстан азаматтары.