Назарбаевтың жас кезіндегі рөлін сомдаған актер Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері деген атақ алды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаевтың жас кезіндегі рөлін сомдаған актер Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері деген атақ алды

Назарбаевтың жас кезіндегі рөлін сомдаған актер Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері деген атақ алды

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев актер Нұрлан Әлімжановты республиканың еңбегі сіңген қайраткері атағымен марапаттады.

  • 13 Желтоқсан 2013
  • 1065
Фото - Caravan.kz

Бірқатар қоғам және саяси қайраткерлеріне мемлекеттік сыйлықтар мен құрмет атағын табыс ету салтанаты бүгін Астанада мемлекет басшысының қатысуымен өтті.

Республиканың еңбегі сіңген қайраткері құрмет атағымен марапатталған 15 қазақстандықтың арасында Н.Назарбаевтың жас кезіндегі рөлін сомдаған 29 жастағы актер Нұрлан Әлімжанов та бар.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрмет атағы республика алдында қомақты үлес қосқаны үшін әйгілі мемлекет қайраткерлері мен қоғам қайраткерлеріне, ғылым, мәдениет, өнер, өндіріс , әлеуметтік сала өкілдеріне табыс етіледі.