Қазіргі кезде біз Еуразиялық экономикалық комиссиясымен бірігіп «жол картасының» жаңа нұсқасымен жұмыс істеп жатырмыз, дейді Д.Оторбаев.
Оның айтуынша, қазір бәрін қайтадан талқылау қажет, оның ішінде көші-қон, азаматтардың емін-еркін жүріп тұруы туралы мәселелерді талқылау қажет, содан кейін барып Қырғызстанның Кеден одағына қосылатын уақытын айтуға болады.
Қырғызстан үкіметі елдің Кеден одағына кіру бойынша ұсынылған шарттармен келіспейтіні бұған дейін мәлімделген болатын.
Қырғызтан президенті үкіметке Еуразия экономикалық комиссиясымен «жол картасын» әзірлеу және келісу жөнінде жұмыс жалғастыруды тапсырды.