Иерусалимді қалың қар басты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иерусалимді қалың қар басты

Иерусалимді қалың қар басты

Израиль билігі Иерусалимді басып қалған қалың қарды аршу үшін армияның көмегіне жүгінуге мәжбүр болды, деп бүгін "Джерузалем пост" газеті мәлімдеді.

  • 13 Желтоқсан 2013
  • 285
Фото - Caravan.kz

Әскерлер кептеліп қалған көптеген көлікті қардан аршып алуға көмектесті.

Бұған дейін полиция қызметкерлері бір күн ішінде 1400 жүргізуші омбы қар құрсауынан шығуға көмектесті.

Көп жолдар жабылды. Қалалық муниципалитет жүргізушілерді қар тоқтағанға дейін жолға шықпауға кеңес берді.

Метеорологиялық орталық мәліметі бойынша, Иерусалимде қалыңдығы 30-50 см қар жауды.


Жұмаға қараған түні жүз шақты үй жарықсыз қалды, құлаған ағаштар электр сымдарын үзіп кетті.

Мектептер, балабақша мен Еврейлік университет жабылды.