Мерекеде ақтүтек боран болады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мерекеде  ақтүтек боран болады

Мерекеде ақтүтек боран болады

Синоптиктер тұрғындарды қобалжытып қойды. Тәуелсіздік күні мерекесінде еліміздің біраз өңірінде ақтүтек боран болады деп болжанып отыр. Күн райының бұзылуына байланысты жер-жерде өткізілетін іс шаралардың кестесіне күтпеген өзгерістер енгізілуі  мүмкін.

  • 14 Желтоқсан 2013
  • 315
Фото - Caravan.kz

Мәселен, Қызылжарда қазірдің өзінде табиғат тосын мінез танытып тұр. Ақтүтек бораннан қарға адым жер көрінбейді. Ал күре жолдардың барлығы жабылып қалған. Құтқарушылар қала тұрғындарын алыс сапарға шықпауға және далада ұзақ жүрмеуге кеңес беруде. Сондай-ақ, Тәуелсіздік мерекесінде ауа-райы батыс пен оңтүстік жұртын да әбігерге салуы мүмкін. Бұл өңірлерде температура 20 градусқа дейін төмендемек. Жалпы, биыл желтоқсанда күн ызғарлы болады деп отыр мамандар.


Гүлмира Әкішева, «Қазгидромет» орталығының  ауа райын ұзақ мерзімге болжау  басқарма басшысы:

-Негізгі аяз 17-18 қаратай келеді. Ол кезде солтүстік өңірде ауаның сынап бағасы 28 градусқа, батыста 20, оңтүстікте 15 градусқа дейін төмендейді. Солтүстік өңірлерде желдің екпіні секундына 25-30 метрге жетеді.