Шыңжаңдағы тәртіпсіздіктен 16 адам опат болды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шыңжаңдағы тәртіпсіздіктен 16 адам опат болды

Шыңжаңдағы тәртіпсіздіктен 16 адам опат болды

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі тәртіпсіздік салдарынан 16 адам құрбан болды. Олардың арасында екі полиция қызметкері бар. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

  • 16 Желтоқсан 2013
  • 295
Фото - Caravan.kz


Тәртіпсіздіктің екі қатысушысы ұсталып, қамауға алынды.

Бұл оқиға жексенбі кешке Қашғар қаласының маңындағы ауылдардың бірінде орын алды.

Полиция қызметкерлері күдікті қылмыскерлерді тұтқындауға барған кезде пышақ және қолдан жасалған жарылғыш зат ұстаған бір топ адам шабуыл жасаған.