Қазақстандық эстрада жұлдыздары мерекелік би кешіне қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық эстрада жұлдыздары мерекелік би кешіне қатысады

Қазақстандық эстрада жұлдыздары мерекелік би кешіне қатысады

Бүгін елордамызда еліміздің бас мерекесі Тәуелсіздік күні мерекеленуде. Бірнеше күннен бері қалада мерекелік көңіл күй орнап, концерттер, көрмелер, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр, деп хабарлады Астана қаласының ресми сайты.

  • 16 Желтоқсан 2013
  • 409
Фото - Caravan.kz


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар бүгін Астана қаласы әкімдігінің алдындағы орталық алаңда сағат 18.00-22.00 дейін мерекелік концертпен және би кешімен қорытындыланады.

Астана қаласы мемлекеттік филармониясының жеке орындаушылары концерттің шымылдығын ашады. Сонымен қатар, ашық аспан аясында өтетін шара барысында қазақстандық эстрада жұлдыздары: «Ұлытау» тобы, «Ерке», «Жалын», «Ретро», «Аламан» триосы, «KZ», «Дабыл» дуэті, Қыдырәлі Болманов, Дос, Әсел Омарова, Бақыт Шадаева, Досымжан Таңатаров келушілерді мерекемен құттықтайды.

Перейти к новостям спорта