Қызмет борышын өтеу барысында мерт болған Е.Ахметов Елбасы Жарлығымен «Айбын» орденімен марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызмет борышын өтеу барысында мерт болған Е.Ахметов Елбасы Жарлығымен «Айбын» орденімен марапатталды

Қызмет борышын өтеу барысында мерт болған Е.Ахметов Елбасы Жарлығымен «Айбын» орденімен марапатталды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен әскери әрі қызметтік борышын өтеу барысында мерт болған «Арлан» арнаулы жылдам әрекет ету отрядының аға инспекторы Ержан Ахметов 2-ші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

  • 16 Желтоқсан 2013
  • 299
Фото - Caravan.kz

Награданы Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов Ержанның анасы Жібек Ахметоваға табыс етті.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айында Алатау кентінде бағбандық қоғамда учаскелік инспектор арқасы мен мойнынан жараланған болатын. Тәртіп сақшысы бұзақының әрекетінен зардап шеккен жергілікті тұрғындардың шақыруымен келген еді. Бұзақы келісімге келмей, учаскелік инспекторға күрек пен балта лақтыра бастаған, сондай-ақ аң аулайтын шолақ мылтықтан атқан. Көптеген жарақат алған полицей ауруханаға жеткізілді. Дәл сол күні бағбандық қоғамда полицейді атқан адамды іздестіріп, саяжайды сүзіп шыққан 25 жедел іздестіру топтары ұйымдастырылды. 12 маусым таңертең қараусыз қалған саяжайлардың бірін тексеру кезінде арнаулы жылдам әрекет ету отрядының жауынгері, полиция капитаны Ержан Ахметов қаза тапты. Оған шолақ мылтықпен дәл басына атқан. Оның әріптесі жауап қайтара оқ атып, шабуылдаған қылмыскердің көзін жойды.

2004 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет еткен 40 жастағы Ержан Ахметовтің артында әйелі мен 3 баласы қалды.


Саяжайлықтарға көмекке ұмтылған учаскелік инспектор полиция капитаны Шәкір Мұсахынов та наградадан тыс қалған жоқ. Ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында ол және оның әріптесі арнаулы жылдам әрекет ету отряды командирінің орынбасары Бөкентай Оразбеков Алматы облыстық ІІД бастығы Мұрат Орымхановтың қолынан «Ерлігі үшін» медалін алды.