Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, қазірдің өзінде үйдің іргесінде қаланып үлгерген. Енді азын-аулақ жұмыстарына қаражат тапшы болып, осындай қадамға бардық дейді ұйымдастырушылар. Нәтиже де жаман емес. Жәрмеңкенің көмегімен 2 млн теңгедей жиналған. Демеушілердің дені құрылыс материалдарымен жәрдемдесуге уәде етіпті. Жалпы қайырымдылық шарасында 50-ге жуық ерікті жастар, әншілер мен бишілер өнерлерін ортаға салды. Осыдан түскен қаржының барлығы бала асырап, жетімдерді жебеп жүрген кәсіби патронатты отбасының шаңырағына жұмсалмақ.
Қарлығаш Үтембаева, волонтер:
-Осы шараның арқасында түрлі компаниялар көмек көрсетуге ниет білдірді. Қаржылай болмаса да, құрылыс заттарды тегін бермек. Мұқтаж жандарға қол ұшын беру әрбіріміз үшін міндет.