Қонақтар сапында Евгений Мошкарев, Мартин Хьюса, Рихард Хуна сынды ойыншылар мергендігімен танылды. Ал кездесудің басынан аяғына дейін аянып қалмаған “Арыстан” бұл бәсекеде жеңіске лайық ойын көрсетті. Тони Далман мен ерекше көзге түскен Антон Дубинин бұл кеште дубль авторы атанды. Теміртаулық хоккейшілер енді келесі кездесуін 19-20 желтоқсанда Өскеменде жергілікті “Торпедаға” қарсы ойнайды.
Лондондық “Тоттенэм” клубының бас жаттықтырушысы Андре-Виллаш Боаш өз қызметінен босатылды. Басты себеп команданың мардымсыз ойыны. 16 кездесуден кейін “Тоттенхэм” көшбасшыға 8 ұпай қалып турнир кестесінде 7-ші орында келеді.
Соңғы жеті матчта тек екі рет жеңіске жеткен лондондық клуб өткен турларда “Манчестер Ситиден” 6:0, сондай-ақ “Ливерпульден” 5:0 есебімен ойсырай ұтылған болатын. Португалдық маман “Тоттенхэмнің” тізгінін 2012-ші жылдың шілдесінде алған. Бейресми ақпаратқа сәйкес енді оның орнын қазіргі уақытта Ресей құрамасын жаттықтырып жүрген Фабио Капелло басуы мүмкін. Испания чемпионатында да бас жаттықтырушы орнынан кетті. “Валенсияны” баптаған сербиялық Мирослав Джукич ақыры отставкаға жіберілді. Маусым басынан бері 8-рет жеңілген “Валенсия” соңғы турда мадридттық “Атлетикоға” 3:0 есебімен жеңілді. Испандық басылымдарыдың ақпаратына сенсек оның орнын жақында аргентиналық “Сан-Лоренсо” клубының бапкері Хуан Антонио Пицци басуы тиіс.
Футболдан Италия чемпионатының 16-шы турының орталық бәсекесінде “Милан” “Романы” қабылдады. Чемпионат кестесінде 10-шы орында тұрған миландықтар үшін ұпай ауадай қажет болған.
Бірақ Массимилиано Аллегри шәкірттері бұл жолы да жеңіске жете алған жоқ. 13-ші минутта “Рома” ұйымдастырған комбинациялық шабуылға нүкте қойған Маттия Дестро. Бірінші таймның ортасында алаң иелері таразы басын теңестірді. Бұрыштамадан кейін Кристиан Сапата қақпа алдындағы қарбаласты ұтымды пайдаланған болатын. Бірақ үзілістен кейін Кевин Стротман пенальтиден қонақтарды алға шығарды. Қалған уақытта ойын тізгінін біржола өз қолдарына алған “Милан” 77-ші минутта Салли Мунтаридың көмегімен есепті 2:2 ге жеткізді. Қалған уақытта алаң иелері қанша тырысқанымен таблодағы есеп өзгерген жоқ.