Қарағандылық шенеуніктердің "тапқырлығы" тұрғындарды шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық шенеуніктердің "тапқырлығы" тұрғындарды шошытты

Қарағандылық шенеуніктердің "тапқырлығы" тұрғындарды шошытты

Мереке күндері Қарағанды көшелеріндегі талдарға дейін гүлдеді. Орталық даңғылдардың біріндегі ала жаздай бүр жармаған қарағаштар аяқ асты жайқалып шыға келген.

  • 18 Желтоқсан 2013
  • 257
Фото - Caravan.kz

Жаздың өзінде жапыраққа жарымаған қарағаштар қақаған қыста жасыл желекке оранғанын көрген жұрт кәдімгідей таңғалды. Сөйтсе бұл табиғаттың тосын мінезі емес, шенеуніктердің кезекті тапқырлығы болып шықты. Олар қарағаштың әр түбіне жіпке тізілген жасанды жапырақтарды орап тастапты. Жұрт мұны құрметті қонақтар жүретін жерге жасалған кезекті көзбояушылық деп отыр. Өйткені сақырлаған сары аязы бар арқа төсінде қысты жаз ету шенеуніктердің ғана қолынан келетін шаруа екеніне ешқайсысы шүбәланбаған. 


-Басқа жерде болса жарайды оңтүстікте мысалы. Қар жоқ жерде. Жер қара боп тұрғанда болады. Ал жер аппақ боп тұрғанда кішкене сәйкес келмейтін сияқты.

-Қысты күні мынандай жап- жасыл боп тұрғаны бүртүрлі емес па? Қыста біртүрлі екен жасыл боп тұрғаны, қыста аппақ боп тұрмай ма.