Ойнап жүріп опат болды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ойнап жүріп опат болды

Ойнап жүріп опат болды

Алматыда 10 жасар жеткіншек мұз үстінде ойнап жүріп опат болды. Ойын балалары көл бетіне қатқан мұзды қалың деп ойласа керек. Орта тұсына бара бергенде ойылып кеткен.

  • 18 Желтоқсан 2013
  • 203
Фото - Caravan.kz


Екеуі аман-есен құтқарылды. Ал үшіншісі суға тұншығып өлген. Ұлдардың «құтқарыңдар» деген айқайын жағалауда жүргендер естіген. Тұрғындар бастапқыда өздері құтармақ боп, көлге ұмтылыпты. Бірақ, мұздақ жарылып, ортасына бара алмай қойған. Ақыры полицейлермен бірігіп жүріп, үсіген екі баланы судан суырып алды. Ал мұз жұтқан ұлдың өлі денесі соңынан жартылай жалаңаш күйінде жағаға шығарылды.