Жантүршігерлік жол апатынан бір отбасы қырылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жантүршігерлік жол апатынан бір отбасы қырылып қалды

Жантүршігерлік жол апатынан бір отбасы қырылып қалды

Алғашқы көктайғақ алты адамды ажал құштырды. Павлодар-Семей тас жолының бойында жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып, бір отбасының алты бірдей мүшесі тіл тарпай кеткен. 

  • 18 Желтоқсан 2013
  • 194
Фото - Caravan.kz


Жеңіл машинадағы жеті адамды алып шығу үшін құтқарушыларға жапырылған темірдің жартысын кесуге тура келді. Бес адам оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Олардың бірі – әлі буыны бекімеген сәби. Үш жасар бала жедел жәрдемнің ішінде көз жұмып, аман қалған он сегіз жастағы қыз жедел ауруханада жеткізіліпті. Қазір апаттың себебі анықталып жатыр. Болжам бойынша, Шарбақты ауылына таяу жерде шұңқырды айналып өтпек болған автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалған. Қоғамдық көлік ішіндегі 43 адамның барлығы дін аман. Тек автобустың алдыңғы бұрышы майысып, терезесі шытынапты.