Мұхтар Әблязовтың сыбайластары сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұхтар Әблязовтың сыбайластары сотталды

Мұхтар Әблязовтың сыбайластары сотталды

Мұхтар Әблязовтың сыбайластары абақтыға жабылды. Мәскеу соты «Дело» лизингтік компаниясының басшылары Дмитрий Пак пен Олег Царевті 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім кесті. Олар қашқын банкирмен келісіп, 2,5 млрд рубльді жымқырғаны үшін қамауға алынған болатын.

  • 18 Желтоқсан 2013
  • 378
Фото - Caravan.kz


 «БТА банктің» директорлар кеңесінің төрағасы болған кезде Мұхтар Әблязов Австриядағы өз компаниясы және Пактың қарамағындағы «Дело» фирмасы арқылы 70-тен аса несиені рәсімдеген екен. Ал қашқын олигарх қызметінен кететін тұста банкты алдап, келісім-шарттардың талаптарын өзгертіпті. Яғни «БТА банк» үш жыл ішінде берілген несиелерді қайтарып алу құқығынан айырылған. Бірақ қаржыны талап ету мүмкіндігі өздеріне бұйырыпты. Бұл іс бойынша Әблязовтың қос сыбайласы жазасын алса, олигарх осы уақытқа дейін Францияда қамауда жатыр. Жақын уақытта ол Қазақстан, Украина немесе Ресейге депортациялануы мүмкін.